• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 04 Маусым, 2021

Ресейде салмағы 72 тонна әскери қару-жарақ ұрланды

219 рет
көрсетілді

Ресейдің Ленинград облысында әскери бөлімнен жоғалып кеткен «Карапас-2ПУ» қару-жарағы іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Елдің ақпарат көздері хабарлағандай, 2019 жылдың қараша айында-ақ қоймадан 72 тонналық қару-жарақ комплексін ұрлап кету фактісі тіркелген. Алайда, құқық қорғау органдары «Ұрлық» бойынша істі енді ғана қолға алып отыр.

«Карапас-2ПУ» әскери бөлімнен тыс жерде – Қорғаныс министрлігі жалға берген аумақта болыпты. Мекеме есептен шығарылғанына қарамастан, 31810 әскери бөлімінің қазіргі таңдағы командирі қамтамасыз ету взводының әскери-техникалық мүлік қоймасының бұрынғы басшысы Юлия Самохваловаға келтірілген материалдық залалды өтеу үшін ақша өндіріп алу туралы арыз жазады.

«Шығынның жалпы мөлшері 447 120 рубльді (2,5 млн теңгеден астам) құрайды. Мекеменің экс-басшысы есептен шығарылған объектіні бөлшектеу актісін жасай отырып жүргізбегенін, ал 72 тонна бөлшектеуден қара металл сынықтары кіріске алынбағанын атап өтті. Осы орайда командир Юлия Самохвалова өз міндеттеріне немқұрайды қарап, адал атқармаған», делінген хабарламада.

Дегенмен, 2 маусымда Санкт-Петербург гарнизондық әскери соты бұл талапты қанағаттандырудан бас тартты.

Тергеу барысында жаппай бекініс ғимараты орналасқан аумаққа кіру ашық екені белгілі болды. Юлия Самохвалова бұл іске өзін кінәлі деп санамайды. Сот өкілі бұрынғы мекеме басшысы өзінің тікелей қызмет орнынан алыс орналасқанын алға тартады. «Карапас-2 ПУ» орналасқан аумақты коммерциялық ұйым жалға алған, сондай-ақ нысан қоймаға тапсырылмаған болып шықты. Нысанда ешқандай қауіпсіздік шаралары ұйымдастырылмағандықтан,  қойма бастығы есептен шығарылған әскери мүліктің сақталуын қамтамасыз ете алмады», делінген хабарламада.