• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Маусым, 2021

Түркістан облысында жоғалған қызды 3 күннен бері іздеп жатыр

1087 рет
көрсетілді

Түркістан облысында жасөспірім қыз 3 күннен бері іздестірілуде. Өңірдің Полиция департаменті іздестіру жұмыстарына көмек көрсетуді сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

4 маусым күні Жетісай ауданының жергілікті тұрғыны Жетісай аудандық полиция бөліміне жүгінген. Ол 14 жастағы қызы 4 маусым күні түскі уақытта үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағанын айтқан. Аталған жайт Жетісай АПБ-де бірден тіркеуге алынған.

Қазіргі таңда жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары жасөспірім қызды іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар Жетісай ауданы әкімшілігінің қызметкерлерімен бірге мобильді топ құрылып, іздестіру жұмыстары жан-жақты іске асырылуда.

«Осы тұста барлық тұрғындар мен қонақтардан жоғалған қызды табуға көмектесулерін сұраймыз», деді Полиция департаментінен.

Белгілері: үстінде ақ түсті футболка, қара джинсы шалбар және аяғында қара түсті аяқ киімі болған. Өзімен бірге қара түсті «Самсунг Дж-2» маркалы ұялы телефоны бар. Қандай да бір мәліметке ие азаматтар Жетісай АПБ-ның кезекшілік нөміріне: 8 7253467020 немесе полицияның 102 телефон нөміріне хабарласа алады.