• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 14 Маусым, 2021

Антиденелер саны асып кетсе вакцина алуға болмайды – эпидемиолог

881 рет
көрсетілді

№12 қалалық емхананың эпидемиологы Данара Укиева коронавирусқа қарсы вакцина туралы егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Эпидемиолог аурудан кейін антиденелер алты ай бойы сақталатынын айтты. Вакцина алмай тұрып алдымен антиденеге ИФТ-тест тапсыру керек. Егер вакцинаның бірінші дозасын алған науқас ауырып қалса, екіншісін салдыру үшін алты ай күту қажет.

«Егер антиденелер саны белгілі бір титр мөлшерінен асып кетсе, онда вакцина алуға болмайды. Ал антиденелер саны аз болса вакцина қажет, әйтпесе ауырып қалуыңыз мүмкін. Әр ағзаның дербес және антиденелердің жойылу жылдамдығы әртүрлі екенін түсіну керек», деді эпидемиолог.

Сонымен бірге ол вакцинаның қалай әсер ететінін түсіндірді.

«Азамат екпе пунктіне келеді, келісімге қол қояды, терапевттен медициналық тексеруден өтеді және осыдан кейін ғана дельтоидты бұлшықетке вакцинаның бірінші дозасын алады. Содан кейін бейдж беріліп күту аймағына жіберіледі, онда отыз минут мамандардың бақылауында болады», дейді ол.

Оның айтуынша, вакцинаны 18 жасқа дейінгі адамдар, жүкті және емізетін әйелдер, аллергиялық реакциялар мен созылмалы аурулары бар адамдардан басқалар алуға тиіс.