• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Экология 14 Маусым, 2021

Экология министрі Шарын шатқалындағы қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді

1108 рет
көрсетілді

Экология, геология және табиғи ресрурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің ел алдындағы есептік кездесуі кезінде Шарын шатқалындағы қайғылы оқиға туралы сұрақ қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz

«Алматы облысында экологиялық турзимді дамытудың бірнеше жобасы талқыланып жатқанын біліп отырмыз. Соның ішінде Шарын шатқалы да бар. Ол жерде бір айда екі рет сел жүріп, бірі қайғылы оқиғамен аяқталды. Қазір Шарын шатқалы тартымды туристік аумақтан өлім қаупі бар нысанға айналып отыр. Министрлік қолға алып отырған инвестициялық жобадан неге бас тартпайды», деп сұрады сауал иесі.

Мағзұм Мырзағалиев жауабында Шарын шатқалындағы селдің ықтимал жолына ешкім нысан салуды жоспарламағанын ескертті.

«Шарындағы инфрақұрлымыға келетін болсақ, егер мұқият зерттеген болсаңыз, жобаланып отырған визит орталық пен этноауыл, сауда дүргіршектері мен өзге нысандар шатқалдың ішіне салынғалы жатқан жоқ. Бұл нысандар үстіңгі алаңда салынады. Ол жерде қазір автокөлік тұрағы тұр», деді министр.

Сондай-ақ ол аталған жоба бойынша қоғамдық тыңдау өтетінін, барлық ескертпелерді сол жерде айтып, түсініксіз сұрақтарға сол жерде жауап алуға болтанын түсіндірді.

«Бұл мәселе бойынша қоғамдық тыңдау болады. Сол кезде осы мәселелерді қарауға болады», деп қайырды Мағзұм Мырзағалиев.

Есептік кездесу барысында ведомство басшысы мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрлік экологиялық туризмді дамытуға күш салып жатқанын атаған болатын. Атап айтсақ, Алматы облысының 4 ірі ұлттық паркінде бірнеше инвестициялық жобаларды іске асыру көзделген.

Әр жоба бойынша инвесторлар бекітілген көрінеді.

Олар: - «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бойынша – «Атырау-Рент» ЖШС»;

- «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бойынша QazaqGeography республикалық қоғамдық бірлестігі;

- «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бойынша QazaqGeografy республикалық қоғамдық бірлестігі - «Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бойынша – «Туранга Групп» ЖШС.

- «Алматы өңірінің ұлттық парктері бойынша 11 заманауи визит-орталық, 5 эко-қонақ үй, 28 глэмпинг, 8 Кэмпинг, 4 этно-ауыл салу көзделіп отыр. Осы нысандарға жалпы көлемі 31,5 млрд теңге жеке инвестиция тартылады.

Ұлттық парктердің рекреациялық жүктемесінің нормаларын ескерсек, туристердің күтілетін ағыны 2 млн адам болмақ. Қазіргі таңда 3 мемлекеттік ұлттық табиғи паркте қажетті инфрақұрылымның құрылысы басталды.

«Іле-Алатау» ұлттық паркінде «Аюсай» визит-орталығы ашылды. Визит-орталықтың айналасында соқпақтар тазартылып, туристерге ыңғайлы болу үшін өзенге көпір төселді. Волонтерлер эко-мәдениет бойынша оқыту жүргізуде», деді министр есептік кездесуде.