• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Маусым, 2021

СҚО полицейлері теріде қалған саусақ іздерін анықтау әдісін игерді

730 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысының криминалистері қылмысты ашуда қажет тың әдіс – теріде қалған саусақ іздерін анықтауды меңгерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел-криминалистикалық басқарманың қызметкерлері елімізде алғашқылардың бірі болып теріден саусақ іздерін анықтау және алу әдістемесін игерді.

«Теріде қалған саусақ ізін анықтау үшін химиялық реактивтер қолданылады. Химиялық заттардың әсері бөтен адамның саусақ іздерін анықтауға мүмкіндік береді. Олар арнайы металл пластинаға көшіріледі. Бұл жаңашылдық адам өлтіру, тонау, қарақшылық, зорлау сияқты ауыр және аса ауыр қылмыстарды, яғни қылмыскер мен жәбірленуші арасында физикалық байланыс болатын қылмыстарды ашуға мүмкіндік береді», дейді СҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Еңбек Сембин.

Жаңа әдістемені жұмысқа енгізуге химия бойынша білімі бар тәжірибелі криминалист, полиция майоры Александр Хлевов белсенді атсалысты. Зерттеулерге волонтер ретінде жедел-криминалистикалық басқарманың қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ криминалистер мәйіттерде зерттеулер жүргізу үшін мәйітханаларға барды.

«Екі айға созылған тынымсыз еңбек өз жемісін беріп, біз оң нәтижеге қол жеткіздік. Тірі адамдар мен мәйіттердің терісінде қалған саусақ іздерін анықтай бастадық, бұл - шағын фрагменттерден бастап, жеке адамды анықтауға мүмкіндік береді. Біздің жұмысымызға полиция департаменті бастығының орынбасары Еңбек Сембин жетекшілік етіп, ҚР Әділет министрлігінің СҚО бойынша сот сараптамалары орталығының қызметкері Ирина Платко үлкен көмек көрсетті. Бұл әдіс бұрыннан белгілі, алайда қолдануда қиындықтар туындаған, сондықтан кеңінен пайдаланбаған. Әдісті жұмыста пайдалана алатындай етіп жетілдірдік.

Аталған жаңашылдықты облыстық басқарманың қызметкерлері игерді және аумақтық бөліністерге енгізіледі», дейді СҚО полиция департаменті жедел-криминалистикалық басқарманың бастығы Игорь Семенов.