Соңғы екі-үш күнде Атырау қаласына жаңа әкім тағайындалатыны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлеуметтік желіде «Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновті Атырау қаласының әкімі етіп тағайындау күтілуде» деген ақпарат тараған болатын.
Бүгін облыс әкімінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Атырау қаланың басшылығында кадрлық өзгеріс жасау облыс әкімдігінің жоспарында жоқ» деп мәлім етті облыс әкімінің баспасөз қызметі.