2016 жылы Тараздағы атыс кезінде жараланған полицей Бекжан Тіленшиев 2021 жылдың 5 шілдесінде қайтыс болды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
ПБ патрульдік полиция батальонының аға полиция сержанты Тіленшиевке 2016 жылғы 19 маусымдағы атыс кезінде мойны мен кеудесіне оқ тиген. Оқиға қауіпті қылмыскерді ұстау кезінде шағын аудандардың бірінде болған.
Полицей 2016 жылдың 5 желтоқсанында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
2017 жылғы сәуірде полицей денсаулық жағдайына байланысты ішкі істер органдарынан босатылған.
Бекжан Тіленшиев Қазақстанда және шетелде ұзақ уақыт емделген және жарақат алған сәттен бастап мүгедек болып қалған.