• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Шілде, 2021

СҚО-да ауыл әкімдігіне 237 кандидат тіркелді

186 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл әкімдерінің сайлауына 237 адам тіркелді, оның 163-і - өзін-өзі ұсынғандар, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО сайлау комиссиясының төрағасы Тілеген Қаскиннің айтуынша, ауыл әкімдерінің сайлауына түсуге 237 кандидат тіркелсе, соның 74-і саяси партиялардан, 163 адам – өзін-өзі ұсынушы. Бір орынға шамамен 3 адам таласпақ.

Қызылжар ауданы Бугровое ауылдық округінде 5 кандидат тіркелді, 61 сайлау округінде - 3, 9 округте 4 кандидаттан бар.

«237 кандидаттың құжаттары уәкілетті органдармен заңдылыққа тексерілді, олардың 223-інің құжаттары сәйкес келеді. Тексерістің қорытындысы бойынша 14 кандидатқа әрі қарай сайлауға қатысуға рұқсат берілмеді. Жалпы 237 кандидаттың 70-і – әйел, бұл барлық кандидаттардың 29,5%-ы. 110 кандидат – мемлекеттік қызметші, соның ішінде 43-і ауыл әкімі болып жұмыс істейді. 13-і – коммерциялық құрылымның өкілі, 88-і – бюджеттік ұйымның қызметкерлері, 6-уы – уақытша жұмыс істемейді», дейді Тілеген Қаскин.

Кандидаттардың біреуі - «Болашақтың» түлегі.

Сондай-ақ кандидаттардың ішінде экономистер, заңгерлер, ұстаздар, ауыл шаруашылығы қызметкерлері бар. Сайланушылардың орташа жасы – 41. Ең жасы – 27-де болса, ең ересегі – 62-де.

«Бір кандидат өз еркімен құжаттарын алды. Өңірде екі кандидаттан аз ауылдық округ жоқ. Әлі кандидаттар тіркеліп жатыр.

Бұл процесс 14 шілде, сағат 18.00-ге дейін жалғасады. Тіркеу аяқталғаннан кейін кандидаттар үгіт-насихат жұмысын бастайды. Ол 24 шілдеге дейін жалғасады. Бұл мақсатқа аудандық маңыздағы қала әкіміне кандидатқа – 230 мың теңге, ауылдық округ әкіміне кандидатқа 220 мың теңге беріледі», дейді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы.