• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
Коронавирус 13 Шілде, 2021

Коронавирусқа қарсы күрес шаралары күшейтілді

269 рет
көрсетілді

Кеше Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия­ның отырысы өтті, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қыз­меті.

Күн тәртібінде қаралған негізгі мәселелер Үкіметтің ке­ңейтілген мәжілісінде коронавирус инфекциясына қарсы күрес бойын­ша шешімдер қабылдау үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қойған тапсырмаларға қатысты болды. Вице-премьер Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында мемлекеттік органдарға қысқа мерзім ішінде келесі міндеттерді жүзеге асыруды жүктеді: коро­навирусқа қарсы іс-қимыл шараларын түбегейлі қайта қарау стратегия­сын әзірлеу; биылғы 19 шілдеге дейін шағын және орта бизнес қызметкерлеріне вакциналау жүргізудің нақты мерзімдерін қайта қарау және белгілеу; «Pfizer» компаниясымен келісімге қол қою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және вак­цинаны жеткізу туралы келісімшарт жасасуды қамта­масыз ету; биылғы 19 шілдеге дейін міндетті вакциналауға жа­татын қоғамның қызмет ету салаларын анықтау; ПТР-тестілеудің бірыңғай базасына ұқсас вакциналаудың цифрлы картасын іске қосу мәселесін пысықтау; биылғы 19 шілдеге дейін Ashyq сияқты цифрлы шешімдерді белсенді пайдалану басымдығымен мо­бильді мониторингтік топ­тар­дың жұ­мысын қайта формат­тау бо­йынша ұсыныстар енгізу; эпиде­миологиялық жағ­дайға қара­мастан, медицина қызмет­керлерін қолдау және ынталандырудың қолданыста болатын қағидаларын әзірлеу және бекіту; жаңа оқу жылында оқушылар мен студенттерді оқытудың дәстүрлі нысанын қайта бастау кезінде педагог­тер мен оқушылар ден­саулығының қауіпсіздігін қам­тамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты ведомствоаралық комиссия «қызыл аймақтағы» өңірлерде карантиндік шектеулерді кү­шейту бойынша шаралар қа­былдап, мына қызметтердің жұмысын тоқтатты: Ashyq жобасына қатысатын объектілерді қос­пағанда, қалааралық, облыс­ішілік, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) автобус және шағын автобус тасымалдары; жабық жағажайлар мен аквапарктердің қызметі. Демалыс және мереке күндері жұмысына тыйым салынсын: қоғамдық көліктің; Ashyq жобасына қатысушыларын қос­пағанда, қоғамдық тамақтану объектілерінің; Ashyq жобасына қатысатындарын қоспағанда, фитнес орталықтардың, фит­нес клубтардың, йога орталық­тарының, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, бассейн­дердің; Ashyq жобасына қа­тысатындарын қоспағанда, кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының, филармо­ниялардың, компьютерлік клуб­­тардың, боулингтердің, бильярд­тардың, караокелердің, көрмелердің; Ashyq жобасына қатысушыларды, ашық базарларды, жәрмеңкелерді қоспағанда, ауданы 2000 м2 дейінгі азық-түлік емес тауарларды өткізу объектілерінің; Ashyq жобасына қатысатындарын қоспағанда, спорт объектілерінің (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары); білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балаларды дамыту орталықтарының; Ashyq жобасына қатысатындарын қоспағанда, фудкорттардың. Жұ­мыс күндері жұмысы шек­телсін: сағат 20.00-ге дейін Ashyq жобасына қатысатын фитнес-орталықтардың, фит­нес-клубтардың, йога-орталық­тардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, спорт объектілерінің, бассейндердің; сағат 18.00-ге дейін Ashyq жобасына қатысуына қарамастан, ОСО, сауда үйлерінің, сауда желілерінің; Ashyq жүйесіне қатысатын қоғамдық тамақтану нысандарының, фудкорттардың жұмысы – сағат 20.00-ге дейін, Ashyq жүйесіне қатыс­пайтын­дардың жұмысы – сағат 18.00-ге дейін.

Отырыс соңында вице-премьер мемлекеттік органдар мен өңір әкімдеріне түсіндіру жұ­мыстарын күшейтуді, сондай-ақ халықты коронавирусқа қарсы вакциналаумен қамтуды арттыруды тапсырды.