• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Шілде, 2021

Қазақстанда адам саудасына қатысты қылмыс 2 есе артқан

703 рет
көрсетілді

2021 жылдың қаңтар мен мамыр аралығында адам саудасына қатысты 63 қылмыс тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.

«Қылмыстардың көбі жезөкшелік немесе жеңгетайлыққа қатысты ашылған притондармен байланысты. Бір жыл бұрын дәл сондай 20 қылмыс тіркелсе, биыл 35 жағдай анықталған. Яғни бір жылда 75 пайызға көбейген. Сондай-ақ жасөспірімдерді сатудың 8 жағдайы, жасөспірімдерді жезөкшелікке тартудың 7 оқиғасы, адам саудасы мен жезөкшелікке тартудың 6 жағдайы, еңбегін пайдаланумен бас бостандығын шектеудің 1 жағдайы тіркелді», делінген зерттеуде.

Осы жылдың алғашқы бес айында жасөспірімдерді саудалауға қатысты 25 адам, жезөкшелік немесе жеңгетайлыққа қатысты притон ұйымдастырғаны үшін 6 адам, адам саудасына қатысты 4 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. 

Адам саудасына қатысты қылмыстарға кінәлі адамдардың көпшілігі – жұмыссыздар. БҰҰ есірткі және қылмыстар жөніндегі басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, Орталық Азия мен Шығыс Еуропа елдерінде адам саудасына қатысты зардап шеккендердің 66 пайызы мәжбүрлі еңбекке тартылса, 23 пайызы сексуалды эксплуатацияға түскендер. Орталық Азия елдерінде зардап шеккендердің көбі әйелдер (55 пайыз). Ал ерлердің үлесі 32 пайызды құрайды. Тағы 8 пайызы ұлдар болса, 5 пайызы жасөспірім қыздар.

ҚР СІМ-нің мәліметіне сүйенсек, Қазақстан екінші санаттағы елдердің (Tier 2) «бақылау тізімінен» адам саудасы туралы жаһандық Баяндамаға қосылған. Министрлік осыған байланысты бұл салада адам құқығын қорғаудың көрсеткіші жақсарғанын хабарлайды.