Мемлекет басшысы 13-16 шілде аралығында төрт күндік қысқамерзімді демалыста болады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қасым-Жомарт Кемелұлы демалысын еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі – Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы аумағында өткізіп жатыр. Президент елордаға сенбі күні оралады», делінген хабарламада.