• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 14 Шілде, 2021

Солтүстік Қазақстан «қызыл аймаққа» енді

318 рет
көрсетілді

Жуырда ғана «жасыл аймақта» болған өңір бар болғаны бір аптаның ішінде алдымен «сарыға», одан тоқтаусыз «қызылға» өтіп отыр. Соңғы аптадағы сырқаттану 141 жағдайдан 279 жағдайға дейін күрт екі есеге артты және одан әрі өсу үрдісі бар. Бұл жағдай, әсіресеі аудандарда байқалады. Мәселен, Қызылжар ауданындағы сырқат жандар санының өсімі 2,6 есе, Аққайың ауда­нында 3,8 есеге, Ғабит Мүсірепов ауданында 4,7 есе, Тайынша ауданында 1,9 есе артқан.

Соңғы тәулікте жаман ін­дет­пен тіркелгендер саны 55-ке жетіп, республиканың бас­қа аймақтарына қарағанда аз бол­­ғанымен эпидемиялық жағ­дайды бағалау матрицасына сәйкес тұрақты өсім болып отыр­ғандықтан, облыс «қызыл аймақ» қатарына жатқызылды. Бұған 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанғандар саны, сондай-ақ инфекцияның таралу деңгейін көрсететін репродуктивті көр­сет­кіш те әсер етеді.

Өткен тәулікте облыстағы барлық сырқаттанғандар саны 15 675 адамға жетті. Ал соңғы тәулікте тіркелген 55 жағдайдың 51 немесе 93%-ы ауру белгілері бар және 4 жағдай немесе 7%-ы ауру белгілері жоқ. Соның ішінде сыр­қат­танғандар Петропавл қа­ласында – 24, Айыртау ауданында – 10, Қызылжар ауданында – 5, Есіл мен Ақжар аудандарында – 4, Шал ақын ауданында – 3, Жамбыл және Уәлихан аудандарында – 2 және Ғабит Мүсірепов ауданында 1 жағ­дай тіркелді.

Сырқаттанғандардың жасы да өзгерді. Қазіргі уақыт­та ауыр­­­­ғандардың 57%-ы 40 жас­­­­тан кіші, бұрын бұл көр­сет­­­кіш 40%-дан аспаған. Сол­түс­тік Қазақ­стан облысы санитар­лық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаевтың айтуына қа­ра­ғанда, сырқаттың көбеюі республика аумағында «Дельта» штамының айналымымен, сондай-ақ халықтың карантиндік шараларды сақтау жөніндегі тәр­тібінің төмендеуімен байланыс­ты екен. Бұл ретте облыстық ве­дом­ствоаралық комиссияның ше­шімімен 14 шілдеден бастап жаңа шектеулер енгізілді.

Облыста вакцинаның бірінші компонентін алғандар саны – 165 525 адам. Бұл барлық алуға тиісті халықтың 53,2%-ы деген сөз. Соның ішінде 83 725 адам екінші компонентті алды немесе бұл 26,9%.

 

Солтүстік Қазақстан облысы