• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Шілде, 2021

Қытайлық инженерлер қаза тапты

196 рет
көрсетілді

Пәкістанның солтүстігінде қытайлық инженерлер мінген автобус өртеніп, апатқа ұшырады. Жергілікті полицияның хабарлауын­ша, қайғылы оқиға кезінде кем дегенде 10 адам қайтыс болды.

Хайбер-Пахтунхуа провинциясының Жоғарғы Кохистан аймағының полиция комис­сарының орынбасары Ариф Хан CNN-ге берген сұхбатында қайтыс болған 10 адамның алтауы – Қытай азаматы екенін хабарлады. Оның айтуынша, автобуста барлығы 31 шетелдік жұмысшы болған.

Полиция қызметкері жарылыстың себебі әлі де анықталмағанын айтты. Көліктің қозғалт­қышы істен шыққаны немесе қолдан жасалған жарылғыш заттың өртегені беймәлім.

Жаралылар мен қайтыс болғандарды ауру­ханаға жеткізу үшін тікұшақтар шақыртылған. Шетелдік инженерлер Инд өзенінде салынып жатқан су электр стансасының үлкен гра­витациялық бөгеті – Дасу бөгетінің құ­ры­лысына көмектесуге арнайы шақыртылған екен. Бұл нысан басшылығы әзірге ешқандай мәлім­деме жасамады.