Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2021 жылғы қаңтар-мамырда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 3662 адамды, елімізден кеткендердің саны 9862 адамды құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Көші-қонның сальдосы - 6 200 адамды құрайды», делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.
Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттері арасында орын алатыны баса айтылады.
ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 84,3% және 82,1% құрады.
Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 23,5%-ға артты. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 4 өңірінде байқалды: Алматы (11647 адам), Нұр-Сұлтан (8920 адам), Шымкент (7342 адам), қалаларында және Маңғыстау облысында (327 адам).