• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Шілде, 2021

Полицейге пара ұсынған азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

347 рет
көрсетілді

Орал қаласының тұрғыны мәселесін оңай жолмен шешу үшін полиция қызметкеріне пара ұсынған. Бірақ полиция қызметкері бұл заңбұзушылықты дереу басшылық тарапқа баяндап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Орал қаласында Полиция басқармасының тергеушісі өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде пара ұсынбақ болған «К» есімді азамат тарапынан заңсыз әрекеттердің алдын алып, дереу басшылыққа баяндап, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жол бермеді», деді БҚО ПД бастығы Махсудхан Аблазимов.

Жедел іс-шара барысында БҚО ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы «К» есімді азаматты лауазымды тұлғаға пара бермек болған кезінде ұстап, үсітінен қылмыстық іс қозғалды. Азамат ҚР ҚК 367-бабы бойынша лауазымды тұлғаға пара беру мақсатында қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.