• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Шілде, 2021

Тұрар Рысқұлов ауданында спорт кешендерінің саны артуда

605 рет
көрсетілді

Қазіргі кезде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі спорт саласын дамытуға баса назар аударып келеді. Президент тарапынан нақты тапсырмалар да берілуде. Бүгінде Жамбыл облысының Т.Рысқұлов ауданында бұқаралық спортты дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Мәселен, ағымдағы жылы ауданда салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 100-ге жуық спорттық іс-шара ұйымдастырылып, аталған шараларға 3 мыңнан аса тұрғын қатысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгінде ауданда 169 спорт нысаны бар. Оның ішінде 97 нысан спорт алаңшасы болса, 44-і спорт зал, 21-і футбол алаңы, 1 нысан спорт кешені, 1 нысан стадион және 5 басқа да спорттық нысандар бар. Аталған спорт нысандарының барлығы да аудан тұрғындарына қолжетімді және ақысыз түрде қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, ауданға қарасты Луговой ауылында жаңа спорт-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Сонымен қатар, ауданда 2 спорт мектебі жұмыс істейді. Онда 13 спорт түрі бойынша барлығы 1442 оқушы спортпен шұғылданады. Жас спортшыларға 46 жаттықтырушы тәлім беруде. Сонымен қатар, бұқаралық спортты дамыту және ауылды жерлерде спортпен шұғылданушылардың санын арттыру мақсатында 2021-2025 жылдар аралығында 7 ангарлық спорт зал салу жоспарланған.

 

Жамбыл облысы