• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 19 Шілде, 2021

Мемлекет басшысы міндетті вакцина туралы айтты

463 рет
көрсетілді

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға арналған семинарда айтты, деп жазады Egemen.kz. 

«Вакцинаға қарсы топ біртектес емес. Вакцинациядан бас тартудың себептері әр түрлі. Мұндай адамдардың арасында күмәнданушылар көп. Біз оларды барлық тәсілдермен, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы сендіруіміз керек. Кейбір дамыған батыс елдері көндіру әдісінен мәжбүрлеу шараларына ауысып жатыр. Біз мұны істемейміз. Тек ірі еңбек ұжымдарының қызметіне қатысты ерекше жағдайлар бар. Өйткені біз вакцинаға қарсы шағын топтың әсерінен басқа азаматтарымызға қауіп төндіре алмаймыз», деді Президент.

Қ.Тоқаев бүгінде 2,8 миллионға жуық адам иммундау курсын аяқтағанын атап өтті. Алайда, жақсы динамикаға қарамастан, аймақтар бойынша алғанда жағдай әр түрлі.

Президенттің айтуынша, вакциналарды тасымалдау мен сақтаудың барлық аспектілері нақты пысықталуы керек. Соңғы мәліметтер көрсеткендей, барлық аймақтар бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырмаған.