• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 25 Шілде, 2021

Мемлекет басшысы Үндістан Президенті Рам Нат Ковиндке көңіл айтты

439 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Президенті Рам Нат Ковиндке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Махараштра штатында болған су тасқыны мен лай көшкіні салдарынан мыңдаған адамның қаза тапқаны және үйлер мен ғимараттардың қирағаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болған адамдардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Із-түзсіз жоғалған отандастарыңыз өз отбасыларына аман-есен оралсын. Осындай қиын-қыстау шақта біз Үндістан халқымен біргеміз», делінген жеделхатта.