• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 27 Шілде, 2021

Саяси реформаның нақты көрінісі

244 рет
көрсетілді

Саяси аренада бірінші рет аудандық деңгейдегі ауыл, кент, қала әкім­дері­нің тікелей сайлауы өтті. Респуб­ли­каның 14 облысының 176 ауда­нында 730 ауыл әкімі сайланып жатыр, жылдың аяғына дейін 775 әкім сайланады деп күтілуде. Бұл – Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың саяси реформаларының нақты, практикалық көрінісі.

Елімізде бірте-бірте эволюциялық жолмен қоғамдық-саяси өзгерістер болып жатыр. Республика бойынша сайлауға қатысу үшін 2 582 адам кандидат ретінде ұсынылып, 2 297-ы (88,9 пайыз) тіркеуден өтті. Сайлауға елімізде тіркелген барлық партия қатысты. 878 (38,2 пайыз) үміткерді партиялар ұсынды. Кандидаттардың басым көпшілігі 1 419-ы (61,8 пайыз) – өзін өзі ұсынушылар. Бұл тұрғындар сай­лау­ды өзінің азаматтық позициясын білдіруге мүмкіндік беретін алаң ретінде қарас­ты­ратынын көрсетеді. Жалпы, қоғамдық-саяси реформалар аймақтарда өтуге тиіс, өйткені Қазақстан аймақтардан тұрады.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Ауыл әкімдерінің сай­лауы – біздегі демократияны дамытудағы маңызды қадам». Бұл реформалар мемлекет аппаратының аудан, ауыл деңгейіндегі жауапкершілікті жіктеуді жүйелеуі тиіс. Аталған қадам азаматтардың, қоғамның саяси мәдениетін арттыра отырып, елімізде саяси плюрализм принциптерін арттыруға септігін тигізері сөзсіз. Nur Otan партиясы бұл сайлаудың таза, адал өтуіне мүдделі. Батыс әлемінің қарыштап дамуының басты триггерінің бірі – жергілікті өзін өзі басқару принциптері екендігі белгілі. Ауыл азаматтары әкімге дауыс беру арқылы өзінің болашағын, ауылдың даму жолын сайлайтынын түсінгендіктен, бұл науқанға өте жауапты келді. Бұл сайлау Қазақстанда осы өзін өзі басқару принциптерінің алғышарты болып табылады.

Тәуелсіздік алған 30 жылдың ішінде Қазақстан халқы өз әкімдерін тікелей сайлап алу құқығына ие болып отыр. Бұл – өте үлкен прогресшіл қадам. Біздің көз алдымызда тарихи оқиға болды.

 

Ерлан САИРОВ,

Парламент Мәжілісінің депутаты