• RUB:
    4.99
  • USD:
    489.36
  • EUR:
    533.45
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Шілде, 2021

Алаяқ әйел Орал тұрғынының 12 миллион теңгесін ұрлаған

413 рет
көрсетілді

Орал қаласында алаяқтың құрбаны атанған әйел адам 12 миллион теңгесінен қағылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2020 жылдың қараша айынан бері 50 жастағы Орал қаласының тұрғыны алаяққа алданып келіп, 12 700 000 теңгесінен айырылған.

38 жастағы К. есімді әйел 50 жастағы азаматшаның үйін сатып беремін деген желеумен сенімге кіріп, оның үй қаражатын жымқырып, алдап кеткен. Сан соққан жәбірленуші өзінің алаяқпен істес болғанын түсініп, полицияға жүгінген.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалды.