Атырауда қолына бензин құйылған бөтелке ұстаған мас жігіт өзін өртемек болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 28 шілдеде таңғы сағат 6:00 шамасында өзін өртеуге оқталған 32 жастағы жігіт мас күйде болған. Ол Атырау қалалық прокуратурасының ғимаратына келген.
«Масаң күйдегі жігіт қолына бензин құйылған бөтелке ұстап, өзін өртеп жіберемін деп қорқытқан. Патрульдік полиция қызметкерлері 1989 жылы туған азаматты Атырау қалалық полиция басқармасына жеткізді. Қазір ұсталған азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 434 және 667-бабымен әкімшілік хаттамалар толтырылды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.