• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
TOKYO2020 03 Тамыз, 2021

ТОКИО-2020: Милад Карими сегізінші орынға тұрақтады

184 рет
көрсетілді

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Токио Олимпиадасындағы үшінші финалдық сынды аяқтады деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол гимнастикалық керме снарядында сынға түскен болатын. Іріктеу кезеңінде Карими аталған жаттығу бойынша екінші орында тұрды. 

Қазақстандық спортшының бағдарламасы ең қиын бағдарламалар қатарына кіреді. Алайда, Милад жаттығуды орындау барысында екі рет құлап қалды да, ұпайы төмендей түсті. 

Ол 11.266 ұпаймен сегізінші орын иеленді. 

Гимнасикалық кермедегі жаттығуда жапониялық Даико Хасимито (15.066) чемпион атанды. Екінші орында хорватиялық Тино Србич (14.900), үшінші орында ресейлік Никита Нагорный (14.533). 

Айта кетелік, Милад Карими еркін жаттығуда 5-ші, көпсайыс қорытындысы бойынша 14-ші орын алды.