• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Тамыз, 2021

Мансабы «жүйрік» шенеуніктер

1328 рет
көрсетілді

Мемлекеттік қызметтің мәні мен маңызы, жауапкершілік салмағы жөнінде тәптіштеп айтып жату артық. «Мемлекеттік» деген сөздің өзі-ақ бұл салаға өмірін арнайтын адамнан білім мен білікті ғана емес, жоспарлы һәм жүйелі жұмысты, тиянақтылық пен орнықтылықты талап ететіні белгілі. Алайда біздің мемлекеттік қызметшілерде, әсіресе орта буын басшыларында дәл осы тиянақтылық пен орнықтылық, бір лауазымда байырқалап жұмыс істеп, нақты бір нәтижелерге қол жеткізу жағы жетіспейді. Бүгін келген басшы, ертең-ақ басқа қызметке оп-оңай ауысып кете барады. Онда да тұрақтамай, келесі лауазымға ауысып жүре береді. Құдды бір ат ауыстырып мінгендей.

Басшы кадрлар мәсе­лесі біз­дің өңірде де көпшілік­тің көңі­­лінен шығып тұр деу қиын. Мә­­­селен, жуырда Павлодар қа­ла­­­­сының әкімі ауыстырылды. Нег­е? Өйткені қазір Павлодар ауданына әкім болып кеткен Ер­жан Имансіләм бір жылдай ғана қызмет атқарды. Оның облыс ор­та­лығының басшысы ретіндегі «Саяси қызметші» лауазымынан төмендетіліп, «А» корпусына аттандырылуының себебі неде?

Оның орнына жаңадан келген әкім Асайын Байханов өткен жылдың наурыз айынан бастап, бір жыл бес айдай ғана облыс әкімінің орынбасары болған. Ол Баянауыл ауданында туып-өсіп, 2000 жылы университетті «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген. Мемлекеттік қызметке кіргенге дейін банк, қаржы секторында қызмет еткен.

А.Байханов қала әкімі қыз­ме­ті­не та­ғайындала салысымен-ақ ко­­ман­далық ауыс-түйістерді еш­­кім­нен қымсынбай-ақ бас­тап кетті. Алдымен, Хасар Хабыл­беков­­ті өзінің орынбасары етіп та­ға­­­йын­дады.

1986 жылы туған Хасар Айтбекұлы 2007 жылы «Құқықтану және халықаралық қаты­нас­тар институтын «Қаржы» маман­дығы бойынша және 2014 жылы Торайғыров университетін «Көлік құрылысы» маман­ды­ғы бойынша бітірген, «Техника және технология» магистрі дәрежесі бар. Еңбек жолын 2008 жылы мемлекеттік емес құры­лым­дарда бастаған. 2016 жылы «Казстрой Инжиниринг ПВ» ЖШС директоры болды.

Бір «ғажабы» Хасар Айтбекұлы ай­нал­­дырған төрт жылдың ішінде, 2017-2021 жылдар аралығында облыс әкімі аппаратының бас инспекторы, Шарбақты және Тереңкөл аудандары, Екібастұз, Павлодар қалалары әкімдерінің орынбасары лауазымдарын атқарып үл­ге­ріпті. Одан кейін Ақсу қаласы әкі­мі аппаратының басшысы қызметін атқа­ра­ды да, биыл мау­­сым айынан бас­тап облыстық Құрылыс басқармасының басшысы болып шыға келеді. Енді, міне, арада екі ай өтті ме, өтпеді ме, Хасар мырза Павлодар қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ал ел ішінде «Хасар екі ай сайын қызмет ауыстырады», «Соншалықты баға жетпес кадр ма?» деген сөздер желдей есіп жүр.

Кешелері тағы бір хабар елең ет­кіз­ді: «Қалалық құрылыс бөліміне Асқар Ажмұрат тағайындалды», деп сүйін­ші­ле­ді. Бұл жігіт те тағайындалғанға дейін қыруар қызмет атқарып тастапты. Араға жыл салып қызмет баспалдағында өсіп отырыпты.

Жалпы, қазір өңірдегі әкімдіктерде шырылдауық шегірткелер сияқты бірден-бірге секіріп, мемлекеттік қызметті ойын­шық­қа айналдырғандар аз емес. Құрылыс, коммуналдық шаруашылық, энергетика басқармаларында да солай. Бірі келіп, бірі кетіп жатыр.

Мысалы, облыстың Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму бас­­қар­масында 2 жыл ішінде 6 басшы ауыс­­ты­рыл­ды. Алтыншы басшы Айдын Тұрсын­ға­лиев жақында ғана қызметінен кетті.

Айдын Тұрсынғалиев: «5 жыл ішінде Павлодар облысының инвестициялық порт­фелі 1,9 трлн теңге болатын 151 жо­ба­ны құрады. Алдағы жылдары осындай жобаларды іске қосу арқылы аймақ экономикасына 400 млрд теңгеден астам қаражат тартылуы мүмкін. Бұл жұмысты Сыртқы істер министрлігі арқылы жүзеге асыр­мақпыз. Мәселен, картоп чипсилерін өндіргісі келетін кәсіпкердің жер учаскесі мен белгілі бір қаржы ресурстары бар, бірақ оған шетелдік серіктес, заманауи технологиялар мен бренд қажет. Біз жобаны дайындап, Сыртқы істер министрлігіне ба­ғыттағаннан кейін, ол инвестициялық тапсырысты шетелдегі елшіліктерімізге жолдайды. Содан кейін тапсырыс картоп чипсилерінің өндірушілеріне жі­бе­рі­леді», деп облыстық әкімдікте баян­дама жаса­ға­ны жадымызда. Жұрт­тың аузының суы құрып, жергілікті картоп чипсилерін там­сана жейтін күнді тағатсыздана күтіп отыр­ған­да Айдын мырза бастаған ісін аяғына жеткізбей, қайда тайып тұрды деп ренжіп қалған жайымыз бар...

Ауыл шаруашылығы басқармасына басшы болған Нұрболат Мақашев араға екі жылдай уақыт салып, бұрынғы қыз­метіне қайта оралды. Ал осы бас­қармада аз ғана уақыт басшы болған Серік Батыр­қожинов өзі бұрын басқарған Тереңкөл ауданына қайтадан әкім болып та­ғайындалды.

Айтпақшы, өткен жылдың шілде айын­да «I am not a rapper» деген жазуы бар жей­демен жұрт алдына шыққан облыс әкі­­мінің орынбасары Сәкен Шаях­ме­тов­тің «Город на Иртыше» әнін орын­да­ға­нын тамашаладық. Осыған орай, оның Инстаграмдағы парақшасында: «Әйелім маған әрқашан: «Сен рэппер емес, әкімнің орынбасарысың ғой», дейді бірақ бүгін мен 3 минут ішінде осы екі қырымды біріктіруге тырыстым» деген бейнежазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыға түскені бар.

Сәкен Шаяхметов 31 жаста. Ал оған өңір­дегі инвестиция тарту, өнеркәсіп, сау­да, халықаралық байланыстар, экспорт сияқ­ты аса ауқымды да маңызды салаларға жетек­шілік жасау тапсырылған. Ол «вундеркинд» болса, болар. Тек әлеуметтік желі­лерде оның ата-анасының кімдер екені жа­рыса жазылғаннан кейін көңілімізге сәл күдік кіргені рас. Сәкен мырза алдағы уа­қыт­та өз дарынын іс жүзінде жарқырата көр­сетіп, өңірді өркендетуге лайықты үле­сін қосатын болса, әрине, күдігіміз сейі­лері анық.

Түйіндей айтқанда, бізді өңірдегі шенеу­ніктер сапырылысы, әртүрлі дең­гейдегі басшылар арасында мем­ле­кет­­тік тілді мінсіз меңгерген кадр­лар­дың си­ректігі, командалық ауыстыру бе­лең алып бара жатқаны алаңдатады. Ал заң тұр­ғысынан қарасаң, ешқандай бұрма­лау­шы­лық таба алмайсың. Жаңа басшының командасына кіре алма­ған­дардың бәрі «өз өтінішіне сәйкес қыз­метінен» кетіп жатыр. Күлесің бе, жылайсың ба?!

 

Павлодар облысы