• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Әлем 10 Тамыз, 2021

Вакцинадан бас тартқандарға айыппұл салынады

2041 рет
көрсетілді

Түркіменстанның Лебап велаятында коронавирусқа қарсы вакцинациядан бас тартқан азаматтарға айыппұл салынады және вакцинаның құнын төлейді, деп хабарлайды Egemen.kz Орталық Азия жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Өткен бірнеше айда облыстық сауықтыру үйлерінде 75 жастан асқан азаматтарды вакцинациялау жас санаты бойынша жасалған кезек негізінде жүргізілді. Содан бері жүздеген азамат түрлі себептермен вакцинациядан бас тартқан, оның ішінде вакцинаның жанама әсері де бар.

Жергілікті билік бұл азаматтарды «жазалау» шараларын күшейтті. Мемлекеттік мекеме басшылығы қарамағындағыларға екпеден бас тартқандар жұмыстан шығарылатынын да ескертті.

Денсаулық үйлерінің отбасылық дәрігерлері де Лебап облыстық полиция бөліміне екпеден бас тартқан азаматтардың тізімін тапсырып жатыр. Бұл тізімге сәйкес, екпеден бас тартқан тұрғындарға 113 манат (13 799 теңге) айыппұл салынады.

Басылым жазғандай, міндетті вакцинациядан өтіп жатқан азаматтар вакцина ақысын төлеуге міндетті. Медицина қызметкерлері вакцинаның жалпы құны 300 манат (36 635 теңге) екенін айтып отыр.

Уақытылы вакцинациядан бас тартқан зейнеткерлерге де айыппұл салынады, содан кейін вакцинаның құнын төлей отырып, күштеп егіледі.