• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Саясат 17 Тамыз, 2021

Жергілікті өзін өзі басқарудың жаңа моделі

1059 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы аясында берілген тапсырмасын орындау мақсатында Жергілікті өзін өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы әзірленді.

 Ұлттық экономика ми­нис­трлігі әзірлеген бұл тұжырым­дама жобасы – алдыңғы жылда­ры іске асырылған жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту жө­ніндегі реформалардың қисын­ды жалғасы. Жаңартылған тұжы­рым­дамада жергілікті өзін өзі бас­қаруды дамытудың жаңа моделі енгізілген, ол шешімдер қабылдау процесіне азаматтардың қатысуы мен рөлін кеңейтуді, жергілікті өзін өзі басқару органдарын сайлауды, ұйымдық, экономикалық және қаржылық мәселелерді шешудегі ауыл әкімдіктерінің дербестігін бағамдайды. Бұдан басқа, онда мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін өзі басқару қызметінің нақты функционалдық шекаралары, сондай-ақ жергілікті өзін өзі басқару органдарының тұрғындар алдындағы ашықтығы мен есептілігін күшейту жөніндегі нормалар жазылған.

Аталған құжатқа сәйкес, жер­гі­лікті жерлерде мемлекеттік бас­қару үдерістерінде азамат­тар­дың рөлін күшейту үшін әкімдерді тіке­лей сайлау енгізілуде. Осы жыл­дың шілдесінде ауыл әкім­дерін тікелей сайлау басталды. Осы бағыт шеңберіндегі келесі қа­дам – 2024 жылдан бастап аудан әкімдерін тікелей сайлауды енгізу.

Сонымен қатар Ұлттық эко­но­­­мика министрлігі жергілікті өзін өзі басқару туралы жаңа заң әзір­­леуде, онда жергілікті өзін өзі бас­­қа­ру органдарының құрылы­мы, қа­лыптастыру тәртібі және өкі­­лет­­тіктері айқындалады.

Бұл жергілікті өзін өзі басқа­­ру­дың пәрменді жүйесін орта­лық­­сыз­дандыруға және құруға, бас­қару деңгейлері арасын­дағы функ­циялар мен өкілет­тіктер­дің қай­та­лануын қайта бөлуге және бол­дырмауға мүмкін­дік береді.

Сондай-ақ ауылдық өкілді орган – «Кеңес» құрылады. Кеңеске жергілікті қоғамдастықты дамыту жоспары мен бюджетті бекіту және оның орындалуын бақылау, ауылдық деңгейде салық мөлшерлемелерінің көлемін реттеу, сондай-ақ ауылдарды абаттандыру мәселелері бойынша өкілеттіктер беріледі. Көрсетілетін қызметтер тізбесі, қызметкерлерді жалдау және еңбекақы мөлшерін айқындау мәселелері осы Кеңес арқылы реттеледі.

Айта кету керек, қазір ұдайы төртінші деңгейдегі бюджеттің жеткілікті қаржыландырылмауы байқалады. Меншікті кірістер бюджеттің осы деңгейіндегі шы­ғыстардың тек 13,4%-ын жабуда. Осыған байланысты, 2022 жылдан бастап ауыл деңгейіне салықтар мен төлемдердің қосымша төрт түрін беру көзделген: бірыңғай жер салығы, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем, оларды сатудан түсетін түсімдер және оларды жалдау құқығын сатқаны үшін төлем.

2023 жылы тағы да бірқатар са­лықтар мен төлемдерді беру жос­парланып отыр. Атап айт­қан­да, шағын және орта бизнес­тен түсетін корпоративтік табыс салығын облыс, аудан және ауыл арасында бөлу көзделеді. Фискалдық орталықсыздандыру бойынша шаралар қабылдау нәтижесінде 2025 жылы ауылдық округтер бюджетінің өзін өзі қамтамасыз етуінің 35%-ға дейін өсуі күтілуде.

Бүгінгі таңда еліміздегі жер­гі­лікті инфрақұрылым нысандары­ның көп бөлігі, яғни жолдар, сумен жабдықтау, су бұру және электрмен жабдықтау желі­лері жергілікті атқарушы орган­дардың балансына тиісті түрде қойыл­маған. Бұл әкімдіктер аталған ны­сан­дарға ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын әрдайым жедел жүргізе алмайтындығына алып келеді. Өз кезегінде бұл аза­­мат­тардың әлеуметтік әл-ауқа­ты­на тікелей әсер етеді. Осы мәселе­лерді жергілікті деңгейде шешу үшін тұжырымдама жобасын­да жергілікті бюджет шығыс­тарын ұтымды бөлуді артты­руға және коммуналдық меншік ны­сандарын тиімді пайдала­нуға бағытталған іс-шаралар көз­делген.

Айтылған іс-шараларды сапалы іске асыру 2025 жылға қа­рай уақыт сын-қатерлеріне жауап беретін және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжы­рым­дамасына сәйкес біздің азамат­тарымыздың мүдделерін толық­қанды іске асыруға бағыт­талған жер­гілікті өзін өзі бас­қарудың жаңа моделін қалып­тас­тыруға мүмкіндік бермек.