Әлем 17 Тамыз, 2021

Ресейде әскери ұшақ апатқа ұшырады

480 рет
көрсетілді

Мәскеу облысындағы Кубинка әуеайлағының жанында Ил-112В жаңа әскери-транспорттық ұшағы жаттығу мақсатындағы ұшу сапары кезінде апатқа ұшарады, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС  агенттігіне сілтеме жасап.

«Жаттығу мақсатындағы ұшу сапары кезінде Кубинка әуеайлағына қонуға жақындағанда орман алқабында Ил-112В жеңіл әскери-транспорттық ұшағы апатқа ұшырады», делінген Бірлескен авиақұрылыс корпорациясының баспасөз қызметі хабарламада.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Корпорация апаттың себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құратынын мәлімдеді.