• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Әлем 19 Тамыз, 2021

Гаитидегі жойқын жер сілкінісі

302 рет
көрсетілді

Сенбіде болған жойқын жер сілкінісі сал­дары­нан Гаитиде кем дегенде 1941 адам қайтыс болғаны белгілі болды.

 

10 мыңға жуық адам жарақат алды, ал көпшілігі 7,2 балдық жер сілкінісінен кейін хабар-ошарсыз кеткен. Құтқару жұмыстарына осы аптада Кариб теңізіне Грейс тропикалық дауылымен келген нөсер жаңбыр кедергі келтірді. БҰҰ қазіргі уақытта 500 мыңға жуық баланың тұрғын үйге, ішуге жарамды суға және азық-түлікке қол жеткізе алмай отырғанын хабарлады.

Жер сілкінісі өткен айда ел президентіне жасалған қастандықтан кейінгі саяси дағдарыстан енді есін жиған кедей елдің жағдайы ушыға түсті. Жаңа президент сайланғанға дейін елді басқарып отырған премьер-министр Ариэль Генри бір айға төтенше жағдай жариялап, халықты ынтымаққа шақырды. Соңғы жылдары Гаити бірқатар табиғи апаттан зардап шеккен, соның ішінде 2016 жылы Мэтью дауылы болған. Ал ең жойқын жер сілкінісі 2010 жылы болып, 200 мыңнан астам адамның өмірін қиған еді және елдің инфрақұрылымы мен экономикасына айтарлықтай зиян келтірген.