• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 19 Тамыз, 2021

Алматыда жол апатынан 2 полицей қаза тапты

194 рет
көрсетілді

Алматы облысында жол апатынан екі  полицей қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл оқиға 17 тамызда сағат 22:00 шамасында «Алматы-Өскемен» автожолында болған.

Анықталғандай «Тойота камри» көлігінде Алматы облысы Іле аудандық полиция бөлімінің екі инспекторы болған. Олар 21 жастағы Мұхтар Нұртілеу және 23 жастағы Санжар Омарбек. Екеуі де оқиға орнында тілге келместен көз жұмды. Үшінші полицей, 21 жастағы Мақсат Рамазан түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті.

Алматы облыстық Полиция департаментінің бастығы әлеуметтік желі арқылы жүргізген тікелей эфир барысында оқиғаны растады.

Сонымен қатар марқұмдардың жақындарына көңіл айтты.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, «Тойота камри» маркалы автокөлігінің жүргізушісі Алматы-Өскемен автожолының бойымен солтүстік бағытта 46 км жүріп өтіп, алдыңғы сол жақ доңғалаңы тесіліп, соның салдарынан автокөлік 90 градусқа бұрылған. Осы сәтте оның артынан келе жатқан «Хюндай акцент» маркалы автокөлік жоғарыда аталған автокөлікпен соқтығысқан.

Жол апатының салдарынан оқиға орнында «Тойота камри» көлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы көз жұмды», делінген аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ «Өтеген батыр» кентіндегі орталық ауруханаға түрлі жарақаттармен осы көліктің тағы бір жолаушысы жеткізілді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды