АҚШ-тың Теннесси штатындағы Хамфри округіндегі су тасқынынан кем дегенде 10 адам қаза тауып, 40 адам хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлайды Egemen.kz The New York Times-ке сілтеме жасап.
Табиғи апат автожолдардың су басуы мен байланыстың бұзылуына әкеліп соқты. Кейбір аудандарда 30 сантиметрден астам жауын-шашын түскені атап өтілді. Макьюэн қаласында тәуліктік жауын-шашын мөлшері бойынша рекордтық көрсеткіш байқалды.
Теннесси Төтенше жағдайлар агенттігі тұрғындарды су басқан жолдардан аулақ болуға және үйлерден қажетсіз шықпауға шақырды.