Польша мигранттардың келуін шектеу үшін Беларусьпен арадағы шекараға қоршау салатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Польшада және басқа ЕО елдерінде, Литва мен Латвияда Таяу Шығыс пен Азиядан қоныс аударушылардың күрт өскені байқалады.
ЕО елдері Беларуське көптеген мигрант келетінін және ел билігі оларды шекара арқылы әкететінін айтады.
Еуроодақ Беларусьті мигранттарды санкцияларға жауап ретінде қолданды деп айыптады, Минск мұны жоққа шығарды.
Айта кетейік, Белоруське маусым айында жаппай наразылықты басып-жаншу және Ryanair ұшағын Минскіге мәжбүрлеп қондыру арқылы бортында болған диссидент журналисті ұстауға байланысты санкция енгізілген болатын.
Дүйсенбіде Польша, Литва, Латвия және Эстония Премьер-Министрлері БҰҰ-ны көші-қон мәселесі бойынша Беларусьпен дауға араласуға шақырды. Төрт ел бірлескен мәлімдемеде «мигранттарға қатыгездікпен қарау мәселесі» БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде көтерілуі тиіс деп мәлімдеді.
Кейін Польшаның Қорғаныс министрі Мариуш Блащак өзінің твиттерінде Беларусьпен шекарада 2,5 метрлік қоршау салынатынын жазды.
«Мен жақын арада әскерилердің қосымша тартылуы туралы толық мәлімет беремін», деп жазды Бласчак Twitter-де.
Қазір 900-ден астам сарбаз Польша мен Беларусь арасындағы 400 км шекарада күзетшілерге көмекке келді. Шекарада 150 км тікенекті сым төселген.
Үкімет өткен аптада бәр ай ішінде 1935 адам Беларусьтен Польшаға өтуге тырысқанын хабарлады. Оның 1175-і кері қайтарылды, 760-ы Польшадағы шетелдік мигранттар орталығына жіберілді. Өткен жылы шекараны заңсыз кесіп өткен 122 адам ұсталды.
Польша, Латвия және Литва шекараны заңсыз кесіп өтуге тырысқан мигранттарды бөгеуге немесе кері қайтаруға тырысады.