Солтүстік Қазақстан облысында 11 жасар бала Есіл өзеніне батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
ТЖ департаментінде өткен брифингте Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Марат Мұратов қайғылы оқиға Есіл ауданының Николаевки ауылының маңында болғанын айтты.
Бала өзенге ересектерсіз барып, балық аулап отырған.
«Баланың жансыз денесін жергілікті тұрғындар судан алып шықты. Бала қайтыс болған жерде жүзуге немесе балық аулауға ресми түрде тыйым салынған. Соңғы сегіз жылда облыс бойынша 33 бала көз жұмды. Негізгі себеп – тыйым салынған жерде шомылу. Биылғы жаз ыстық болды. Адамдар әлі күнге дейін өзендерді аралауда. Бірақ түнде судың температурасы 13-15 градусқа дейін төмендейді. Дененің күрт салқындауы кезінде суда өлу қаупі әлдеқайда артады», деді Мұратов.
Биылғы шомылу маусымында өңірде 21 адам, оның ішінде 6 бала қаза тапқан. Өткен жылы осы кезеңде 9 адам қайтыс болған, оның ішінде бір бала бар.