Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл толды. Осыған орай Венадағы БҰҰ ғимаратының орталық залында тақырыптық көрме ашылды, деп жазады Egemen.kz.
СІМ баспасөз қызметінің жазуынша, көрмеде бірегей фотосуреттер, тарихи құжаттардың, оның ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың полигонды жабу туралы Жарлығының көшірмесі ұсынылған.
Сонымен бірге британдық режиссер Андре Сингердің «Жел қайдан соққан еді» атты тарихи деректі фильмі көрсетіліп жатыр.