• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Білім 25 Тамыз, 2021

Алматыдағы үздік мектепке 34 миллион теңге берілді

425 рет
көрсетілді

Алматыда мұғалімдердің тамыз кеңесі барысында үздік білім беру ұйымдары анықталды, деп жазады Egemen.kz.

№140 Мұқағали Мақатаев атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-гимназия «үздік орта білім беру мекемесі» болып танылып, ұжым әкімнің 34 миллион теңге көлемінде грантын жеңіп алды. Қаражат мектептің материалдық-техникалық жабдықталуына бағытталады.

Қалалық №34 гимназияның командасы «Үздік мектеп кітапханасы» байқауының жеңімпазы атанды. Мектеп директорына екі миллион теңгенің сертификаты табыс етілді.

Жаңа оқу жылы мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қала әкімі үздік мұғалімдер мен ұйымдарды салтанатты түрде марапаттады. Бірқатар мұғалімдер «Ел ағарту ісінің құрметті қызметкері», «Ыбырай Алтынсарин» төс белгілерімен, қала әкімінің «Еңбегі үшін» медалімен марапатталды.