• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Тамыз, 2021

5 мыңнан астам қазақстандыққа төлемақы беріледі

342 рет
көрсетілді

Семей полигонының жабылу күніне орай 5 мыңнан астам қазақстандық төлемақы алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

2021 жылы Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күніне орай 5,2 мың қазақстандыққа ақшалай немесе заттай мәнде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Бұл көмекті Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген азаматтар да ала алады. Оларға ядролық сынақтарға тікелей қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ ядролық қаруды сынау салдарынан мүгедек болған адамдар және ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуы себебінен генетикалық тұрғыда мүгедек болып қалған балалары жатады.

Әлеуметтік көмектің мөлшері әрбір өңірде жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шешімі бойынша бюджет мүмкіндігіне қарай жеке-жеке белгіленетінін атап өту қажет.

Жоғарыда аталған санаттағы азаматтар ай сайын арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алады:

– ядролық сынақтар мен оқу-жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға –  6,19 айлық есептік көрсеткіш (18 057 теңге);

– егер аурудың, мүгедектіктің ядролық қаруды сынаумен себепті-салдарлық байланысы болса – 7,55 айлық есептік көрсеткіш (22 024 теңге).

Төтенше экологиялық жағдайлар салдарынан, оның ішінде ядролық жарылыстар мен сынақтар жүргізу кезіндегі радиациялық әсерден, олардың салдарынан мүгедек болып қалған адамдарға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады: – I топ – 2,81 ең төменгі күнкөріс деңгейі немесе 91 797 теңге;

– II топ – 2,40 ең төменгі күнкөріс деңгейі немесе 78 403 теңге;

– III топ – 2,01 ең төменгі күнкөріс деңгейі немесе 65 663 теңге.

Бұрынғы Семей облысының аумағында және Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының полигонға іргелес аудандарында тұратын және тұрған азаматтар үшін ядролық сынақтардан келтірілген залал үшін біржолғы ақшалай өтемақы көзделген. Өтемақы мөлшері тұратын аймағына, кезеңіне және өтемақы берілген күні қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің шамасына қарай жеке айқындалады.

1996 жылдан 2020 жылға дейін аталған өтемақыны 16,4 млрд теңге сомасында 1,1 млн-нан астам адам алды. Сондай-ақ радиациялық қатер аумақтарында тұратын қазақстандықтардың радиациялық әсерден зардап шеккен адам мәртебесі болған кезде қосымша еңбекақы және жыл сайынғы ақы төленетін қосымша демалыс алуға құқығы бар.

Бұдан басқа, төтенше және ең жоғары радиациялық қатер аймақтарында 1949 жылғы 29 тамыз бен 1963 жылғы 5 шілде аралығындағы кезеңде кемінде 5 жыл тұрған адамдардың жасына байланысты зейнетақы төлемдерін жеңілдікпен тағайындауға құқығы бар (ерлер – 50 жас, әйелдер – 45 жас).