Алматыда қызмет бабында қаза тапқан полицейлерге ескерткіш қойылды, деп жазады Egemen.kz.
Ескерткіш Алматы қаласындағы Әуезов аудандық полиция басқармасының жанына орнатылды.
Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденовтің мәлімдеуінше, Тәуелсіздік жылдарында қызмет бабында жүрген 70 полицей қаза тапқан.
«Олардың адалдығы мен ерлігі тарихта қалады, барлық уақытта заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етуде үлгілі қызмет көрсетудің үлгісі болады және ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалады. Батырлардың есімдері біздің жүрегімізде және жадымызда мәңгі сақталады», деді ол.