• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Қыркүйек, 2021

СҚО-да сіреспе жұқтырған ер адам қайтыс болды

448 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысының Новоишимское ауылында ер адамның табанына құрылыс алаңында шеге кіріп кетіп, сіреспе жұқтырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанға ақша табу үшін Өзбекстаннан келген 54 жастағы ер адам Ғабит Мүсірепов ауданының орталық ауруханасына жатқызылып, кейін қайтыс болған.

Ғабит Мүсірепов аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы ер адамның сіреспеден қайтыс болу оқиғасын тергеп жатыр.

Өзбекстан Республикасының азаматы 2020 жылы осы өңірге құрылыс жұмысына келген. 21 тамызда құрылыс жұмыстары кезінде ол оң аяғын тот басқан шегемен жарақаттаған.

«25 тамызда, кешкі 10-нан кейін, оның басы тартып, жақ сүйегінде құрыс-тырыс пайда болады. Өзбекстандық азамат медициналық көмекке жүгінбеген. Алайда, 26 тамызда жедел жәрдем бригадасы шақырылып, науқас аудандық аурухананың жедел жәрдем бөліміне жеткізілді. Дәрігер науқасты қарау кезінде жақтың сіресіп, бүкіл омыртқаның қисаюы, қатты әлсіздікті анықтады. Эпидемиологиялық анамнез мен клиникалық сипатқа негізделген диагноз сіреспе деп қойылды. Науқастың екпе алған-алмағандығы белгісіз», деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары Арман Кушбасов баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Өзбекстандық азаматқа шұғыл вакциналау жасалған. Ауруханаға түскен сәттен бастап науқастың жағдайы өзгеріссіз және үнемі ауыр халде болған. Ол 28 тамызда қайтыс болды.