Халықаралық Паралимпиада комитетінің (IPC) президенті Эндрю Парсонс Токио ойындарын жабық деп жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
5 қыркүйекте Жапония астанасындағы ұлттық стадионда жарыстың жабылу салтанаты өтті.
Паралимпиада 24 тамызда басталды. Спортшылар 22 спорт түрі бойынша 539 медальдар жиынтығына таласты. Жалпы командалық есепте І-орынды Қытай спортшылары жеңіп алды. Олардың еншісінде 96 алтын, 60 күміс және 51 қола медаль бар. Ұлыбританиялық спортшылар ІІ-орынды иеленді (41, 38, 45), мықтылардың үштігін америкалықтар түйіндеді (37,36, 31).
Айта кетсек, қазақстандық спортшылар Паралимпиада-2020 ойындарын бес медальмен аяқтады, бұл - ұлттық құраманың тарихындағы ең жақсы нәтиже.
Пауэрлифтингші Давид Дегтярев алтын, дзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет пен Зарина Байбатина күміс, суға жүзуші Нұрдәулет Жұмағали қола медаль алды.