• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
TOKYO2020 06 Қыркүйек, 2021

Президент Паралимпиада чемпиондарын марапаттады

585 рет
көрсетілді

Президент жарлығымен биылғы Паралимпиада чемпиондары түрлі ордендермен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

2021 жылғы 6 қыркүйек

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Токио-2020 ХVI Жазғы Паралимпиада ойындарындағы аса үздік спорттық жетістіктері үшін наградталсын: ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен

Дегтярев Давид Мамиевич – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы;

«Парасат» орденімен

Байбатина Зарина Боранбайқызы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы

Дәулет Теміржан Серікұлы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы;

Сариев Ануар Берікұлы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы;

«Құрмет» орденімен

Жұмағали Нұрдәулет Мақсұтұлы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 6 қыркүйек

№ 652