• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Экономика 08 Қыркүйек, 2021

Бизнеске әкімшілік жүктеме төмендетіледі

147 рет
көрсетілді

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп жазады Egemen.kz.

«Мемлекет басшысының Жолдауындағы бюджет кірісін ұлғайту бойынша ауқымды шаралар жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда шағын және орта бизнестің жосықсыз субъектілерін көлеңкеден шығару, қолма-қол ақшасыз айналымды әкімшілендіру және фискалдық заңнаманы сақтау бойынша жұмыс күшейеді. Бұл ретте процестерді цифрландыруға басымдық беріліп жатыр», деді Іңкәрбаев.

Ол атағандай, толыққанды режимде тауарларды қадағалап отырудың Ұлттық жүйесін іске қосу жоспарланып отыр.

«Цифрлық сауаттылықты әкімшілендіруде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін енгізу тиімдірек болып есептеледі. Онда тауарларға құжаттамалық қадағаулар жүргізіледі. Жалған шот-фактураларға жол бермеу бойынша жүйелік іс-әрекеттер қолданылады. Бизнеске әкімшілік жүктеме төмендетіледі. Бұзушылықтар қашықтан анықталып, олардың барлығына хабарлама жолданады», деді ол.

Жайдар Іңкәрбаев биыл 40 мыңға жуық электронды хабарлама жолданғанын айтты. Олардың нәтижесінде 132 млрд теңге салық қосымша есептелген.