Қостанай облысының орман белдеуінде жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Евгения Казачуктың денесі орман жолағынан табылды. Полиция ҚР ҚК-нің 99-бабында көзделген «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», деп хабарлады облыстық ПД.
Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Қыз 25 тамызда Денисов ауданы Перелески ауылында жоғалып кеткен. Ол жол бойындағы кафеде аспаз болып жұмыс істеген. Қызды іздеуге еріктілер жұмылдырылған болатын.