• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Технология 22 Қыркүйек, 2021

«Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі апталығы» халықаралық көрмесі ашылды

563 рет
көрсетілді

Бүгін Нұр-Сұлтанда «Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі апталығы» халықаралық көрмесі ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жалпы 10 000 шаршы метр көрме алаңында Қазақстан Республикасы мен таяу шетелдердің индустриялық дамуы саласындағы жетістіктері ұсынылған. Қазақстан, Ресей, АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Швеция, Швейцария, Қытай, Дания, Беларусь, Польша, Чехия, Германияның 200-ден астам компаниялары машина жасау, тау-кен металлургия кешені, химия өнеркәсібі, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі, құрылыс материалдары өндірісі және су индустриясы салаларындағы жаңа өнімдерін ұсынып отыр. Қатысушылар қатарында SaryArkaAutoprom, Agromashholding, Hyundai Trans Kazakhstan, KazAzot, Tengizchevroil, Vericut, Mitutoyo, HEXAGONMI, ESAB, Grundfos Kazakhstan, QuantRobotics, Kazakhmys, Penetron-Kazakhstan, ArcelorMittal, Kulan OilKidel, Kilit OilTel, KSPC, Қазақстан электролиз зауыты, KELET, Алматы ауыр машина жасау зауыты, W&T Group және тағы басқалары бар. Ұжымдық стендтер аясында Ресей Федерациясы аймақтарының кәсіпорындары да өз өнімдерін ұсынды: Свердлов облысы, Башқұртстан Республикасы, Удмурт Республикасы және Пенза облысы.