• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Қыркүйек, 2021

«Талибан» Ресейден көмек сұрады

232 рет
көрсетілді

«Талибан» қозғалысы Ресейден БҰҰ санкцияларын алып тастауға және елді қалпына келтіруге көмек беруін сұрады, деп жазады Egemen.kz.

Бұл туралы РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында Ауғанстан уақытша үкіметінің Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Забиулла Мужахид айтты.

«Ол (Ресей) біз бен БҰҰ арасындағы санкция қысымының деңгейін төмендету мәселесінде жаңа делдал бола алады, сонымен қатар біз одан аймақтағы, әсіресе Ауғанстанды қайта құру процесіндегі жағдайды бейбіт жолмен реттеуге көмектесуін сұраймыз», деді Мужахид.

Министрдің орынбасарының айтуынша, Ислам Республикасының үкіметі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің алдағы отырыстарында Кабул үшін «нақты оң нәтижелер» болатынына сенеді.

Өз кезегінде Ресейдің халықаралық ұйымдағы өкілі Василий Небензя Ауғанстаннан санкцияларды алып тастау мәселесі әлі күн тәртібіне шықпағанын айтты. Оның айтуынша, қазіргі кездегі ең өзекті мәселе – елге гуманитарлық көмек көрсету.