• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Қыркүйек, 2021

Қостанай облысында әкесі туған қызын зорлаған

1757 рет
көрсетілді

Қостанай облысында өрескел оқиға орын алды. Ересек ер адам бірнеше жыл бойы туған қызын зорлаған. Мұның бәрі басталған кезде қыз небәрі 8 жаста еді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«12 жасқа дейін ер адам қызын алдап, оны зорлап келген. Бұл әрекет соңғы уақытқа дейін күн сайын жалғасып отырды», деп түсіндірді жәбірленушінің адвокаты.

«Мұның бәрі қарапайым отбасында болды, ер адам ешқандай есепте тұрған жоқ», деп жазады жергілікті БАҚ.

Адвокаттың айтуынша, қыз не болып жатқанын түсінбеген, себебі ол барлық әкелер қыздарымен осылай жасайды деп ойлаған.

«Қыздың анасы мұның бәрін тек кеше ғана білді. Қыздың өзі күйзеліске түсіп кеткен», деп қорытындылады жәбірленушінің қорғаушысы.

Полиция ҚР ҚК 122-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Қылмыстық істің егжей-тегжейлері кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мақсатында жария етілмеген. Қазір зардап шегушімен психологтар жұмыс істейді.