• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Қыркүйек, 2021

СҚО-да 3,1 млн тонна астық жиналды

158 рет
көрсетілді

Біздің ел де орақ науқанын аяқтап қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Солтүстік Қазақстан 3,1 млн тонна астық жинады. Қазір мұнда дала жұмыстарының 99,8%-і аяқталды. Диқандар гектарынан орташа есеппен 10,6 центнерден өнім алып жатыр. Астықты өңір былтыр да, биыл да 4,3 млн гектарға егін еккен. Бірақ биылғы өнім көлемі былтырғыдай емес.

Өткен жылы гектарына 15 центнерден айналып, 4,5 млн тонна астық жиналған еді. Бірақ диқандар биылғы қуаңшылықта осы меженің өзі үлкен жетістік деп отыр.