Қытай Қазақстанмен автомобиль өткізу пунктерін уақытша жабады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл жайында Мемлекеттік кірістер комитеті ресми мәлімет таратты.
Қытайда мереке күндеріне байланысты қазақ-қытай шекарасындағы «Нұр жолы», «Достық-авто» және «Бақты» өткізу пунктілері 2021 жылғы 1-3 қазан аралығында жабық болады.
«Бұдан басқа қытай тарапында дезинфекциялық құрылғылардың қысқы маусымға дайындауға байланысты «Бақты» өткізу пункті 3-4 қазанда да жабық болады. Шекараны кесіп өтуге ынталы тасымалдаушыларды көршілес елдегі мерекелік шаралар есебімен өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», делінген хабарламада.