Есірткі сатқаны үшін халықаралық іздеуде болған ресейлік Шығыс Қазақстан облысында ұсталды, деп жазады Egemen.kz.
48 жастағы ер адам Ресей Федерациясының азаматы, 2013 жылдан бері есірткі сатқаны үшін мемлекетаралық іздеуде болған.
Облыстық полицияның мәліметінше, ол Үржар ауданындағы туысының үйінен табылған.
ШҚО ПД басшысы Сағат Мәдиевтің айтуынша, ер адамға қатысты бұлтартпау шарасы таңдалған. Табылған соң одан жауап алынып, полиция шақырғанда келуге міндеттелген.