• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 06 Қазан, 2021

Солтүстік Қазақстанда карантин күшейеді

205 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысында 9 қазаннан бастап карантин шектеулері күшейеді. Өңірлік бас санитар дәрігер тиісті қаулыға қол қойды, деп жазады Egemen.kz.

Өңірде 9 қазаннан бастап мәдениет нысандарында дайындық жүргізуге, сонымен қатар театр, кинотеатр, бильярд, балалардың ойын орталығы, компьютер клубы, боулинг, аквапарк, түнгі клуб, банкет залы мен караоке клуб жұмысына тыйым салынады.

Форум-конференция жұмысына, отбасылық мереке мен ас беруге, көрме, корпоратив кештеріне де рұқсат жоқ.

Спорттық іс-шаралар көрерменсіз өтеді.

Балалардың түзету кабинеттері, балалар мен ересектердің білім беру орталықтары адам санын 15-тен асырмай жұмыс істей алады.

Сұлулық салоны, шаштараз, медициналық орталық, стоматология тек  алдын ала жазылу бойынша ғана қабылдайды.

Мейманхана мен қонақ үй 80 %-дан аз толуы тиіс.

Жабық базар, СПА-орталық, бассейн мен спорт кешендері сенбі-жексенбі жұмысын тоқтатады.

Ал қоғамдық тамақтану орындары сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін ғана және адам санын 30-дан асырмай, 50 % толымдылықпен ғана жұмыс істемек.

Асханалар сағат 9.00-ден 24.00-ге дейін ашық болады.

Аумағы 2 мың шаршы метрден асатын сауда орталықтары сенбі-жексенбі жұмыс істемейді.

Бұл шектеулердің Ashyq жобасына қатысушыларға қатысы жоқ. Олар қосымша талабына сай «сары» мәртебе бойынша жұмысын жалғастырады.