• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Оқиға 12 Қазан, 2021

СҚО-да үш көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

1660 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысында жүк көлігі, ГАЗель және жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан бір адам мерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО полиция департаменті Қызылжар аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 10.30 шамасында «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автожолының Бескөл ауылы маңындағы көпірге көтерілетін жерде болған.

«ВАЗ-2112», «ГАЗ 3507» және «ГАЗель» көліктері соқтығысып, салдарынан «ВАЗ-2112» көлігінің 46 жастағы жолаушысы мерт болды.

«Жол-көлік оқиғасы ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Барлық зардап шеккендер медицина ұйымдарына жеткізілді», делінген хабарламада.

Оқиға орнына Қызылжар ауданының жедел-тергеу тобы шықты. Тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеу барысында жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтайтын болады. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар