• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Қазан, 2021

БҚО-да көлік аударылып, екі адам мерт болды

Батыс Қазақстан облысында автокөлік аударылып екі адам мерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 17 қазан күні Чапаев-Жалпақтал-Казталов жолының 84-шақырымында болды.

«Нива Шевроле» автокөлігінің доңғалағы жарылып, аударылған.

Соның салдарынан 51 жастағы жүргізуші мен 40 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды.

Оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар