• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Әлем 19 Қазан, 2021

Шотландияда жарылыстан екі тұрғын үй қирады

315 рет
көрсетілді

Дүйсенбі күні кешке Шотландияның оңтүстік-батысындағы Эр қаласында жарылыс болып, соның салдарынан екі тұрғын үй қирады, деп хабарлайды  Egemen.kz Daily Express  сайтына сілтеме жасап.

Басылымда жарияланған ақпаратқа сәйкес, тұрмыстық газ жарылуы мүмкін, ал Twitter-де қала тұрғындары жарылыс толқыны бірнеше шақырым жерде сезілгенін айтады.

«Біз 18 қазан, дүйсенбі күні жергілікті уақыт бойыша сағат 19:10-да Эр қаласының Горс-парк көшесіндегі үйде болған жарылыс туралы хабардан кейін оқиға орнына жеттік. Шұғыл қызметтер де оқиға орнына барды. Әзірге бұл аймақтан аулақ болуды ұсынамыз», деп жазылған Эршир облысының полициясының хабарламасында.

Қалалық өрт сөндіру қызметі жарылыс болған жерде шыққан өртті сөндіріп жатқанын хабарлады. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын эвакуациялау туралы хабарламалар келіп түсуде.